Azimut OknaАлматыШымкент

Azimut Okna үшін сайт бойынша коммерциялық ұсыныс

Төлеби БолатбековКлиент әкелетін сайттарды под ключ жасаймын
Компанияңыз туралы

Компанияңыз туралы не түсіндім

Azimut Okna 10 жылдан астам Алматыда пластик терезе мен есік жөндейді. Өз өндірісіңіз бар, жаңа терезе орнатасыз, жұмысқа 1 жыл кепілдік бересіз

Қазір Шымкентке де шығып жатырсыз. Ал сайт тек Алматы туралы, бағалар көрсетілмеген

Енді екі қаладан да өтінім түсетін бір сайт керек

azimut-okna.kz

Сайт шешетін екі міндет

01

Екі қаладан өтінім

Адам сайтқа кірген бойда Алматы ма, Шымкент пе таңдайды. Өз қаласының нөмірін, аудандарын көріп, бірден жазады

02

Бағаны қоңырауға дейін біледі

Резина ауыстыру, реттеу, москит сеткасы, жаңа терезе. Әрқайсысының бағасы «...₸-ден бастап» деп тұрса, адам хабарласуға батылырақ болады

Адам сайтқа іздеуден немесе инстаграмнан келеді. Бірнеше секундта шешеді: сізге жаза ма, әлде келесі компанияны ашады ма

Клиенттердің көбі сайтқа телефоннан кіреді

Сондықтан сайтыңызды алдымен телефоннан аштым. Адам алғашқы секундтарда не көретінін қарадым

94%

мамырда менің клиентімнің сайтына, qazaqtilioxana.kz-ке телефоннан кіргендер

Сайт аудиті

Сайтыңызда клиент қай жерде жоғалады

01 / 04

Сайтыңыз телефонда осылай көрінеді

  • Бірінші экранды логотип пен сурет алып тұр. Тақырып экранның ортасынан төмен басталады
  • Тақырыпта баға да, кепілдік те жоқ. Адам резина ауыстыру қанша тұратынын білмей, ары қарай іздейді
  • Жоғарыда +7 778 573 4866 нөмірі тұр, ал WhatsApp батырмасы +7 708 626 9829 нөміріне апарады
  • «Кез келген күрделі мәселені шешеміз» деген уәдені сандар растамайды. 10 жыл мен 1 жыл кепілдік әлдеқайда сенімді естіледі
САЙТТАҒЫ ҚЫЗМЕТТЕР
Терезе жөндеу? ₸
Есік жөндеу? ₸
Резина ауыстыру? ₸
Фурнитура ауыстыру? ₸
Стеклопакет ауыстыру? ₸
Москит сеткасы? ₸
Балалар құлпы? ₸
Пластик подоконник? ₸
Кез келген жөндеу? ₸
02 / 04

Сайтта 9 қызмет тұр, бағалары көрсетілмеген

  • Резина ауыстыру ұсақ жөндеу. Адам шеберді шақырмай тұрып соманы білгісі келеді және бағасы жазылған жерге хабарласады
  • Әр қызметке «...₸-ден бастап» деген баға қоямыз. Нақты сома өлшеуден кейін белгілі болады, оны да жазамыз
  • Мен өзім бір кезде сайттан бағаны алып тастап, қоңыраулардан айырылғанмын
Сайтта: Azimut OknaИнстаграмда: RemontOkon_Almaty
Жоғарыда: +7 778 573 4866WhatsApp: +7 708 626 9829
03 / 04

Екі нөмір және екі атау

  • Инстаграмнан сайтқа кірген адам бұл сол компания ма деп ойланып қалады
  • Адам қай нөмірге жазу керек екенін білмейді. Ал Шымкент ашылса, нөмір үшеу болады
  • Жаңа сайтта: бір атау, әр қалаға өз нөмірі және WhatsApp
04 / 04

Мықты жақтарыңыз сайтта айтылмаған

Өз өндірісіңіз

Сайт тек жөндеу туралы. Жаңа терезе жасап, орнататыныңызды адам білмейді

1 жыл кепілдік

Сайтта «кепілдікпен» деп қана жазылған, мерзімі көрсетілмеген. Нақты мерзім сенімді естіледі

Шымкент

Сайт тек Алматы туралы. Шымкенттегі адам іздеуден кірсе, бұл маған емес деп жабады

Іздеуге арналған сипаттама жоқ

Google мен Яндексте сілтеменің астындағы мәтінді іздеу жүйесі беттің әр жерінен өзі жинайды

Жаңа сайттың нобайы

Бірінші экран: басып көріңіз, бәрі жұмыс істейді

Қазақша мен орысша, Алматы мен Шымкент ауысады. «Бағасын есептеу» батырмасы өтінім терезесін ашады. Фото мен бағалар уақытша, сұрақнамадан кейін нақтылаймыз

azimut-okna.kz

Жылы өтінімдерге дейін небәрі 5 қадам

01

Сұрақнама арқылы бизнеске терең ену

3-4 күн
02

Клиенттер мен бәсекелестерді талдау

3-4 күн
03

Мәтін және прототип жазу

2-3 күн
04

Figma-да макет дизайны

4-6 күн
05

Tilda-да беттеу

2-3 күн
НӘТИЖЕ

Сайттан жылы өтінімдер

барлығы 14-20 күн
1-кезең

50-ден астам сұрағы бар сұрақнама

  • Сұрақнаманы WhatsApp-қа жіберемін. Өзіңізге ыңғайлы уақытта жазып немесе голосовоймен жауап бересіз
  • Сұрақтар арқылы бизнесіңізге толық енемін: ең құнды тұстарыңызды тауып, сайтта ең маңыздысын жеткіземін
  • Сайтқа материал жинаймын: компания туралы мәтін, фото, видео және байланыстар
2-кезең

Клиенттер мен бәсекелестерді талдау

  • Клиенттеріңіздің портретін құрамын: олардың мәселелерін, қорқынышы мен қалауын зерттеймін
  • Соған сүйеніп сайттың құрылымын ойлаймын және адамды тапсырыс беруге дайындайтын мәтін жазамын
  • Бәсекелестеріңіздің сайттарын 12 негізгі критерий бойынша талдаймын. Бұл олардың аясында сіздің мықты жақтарыңызды көрсету үшін керек
3-кезең

Прототип жасау

  • Талдау негізінде сайттың сатушы блоктарына мәтін жазамын және клиенттің сайттағы мақсатты әрекетін ойлаймын
  • Сайттың ақ-қара нұсқасын жасаймын. Оның өзі-ақ оқырманға идеяны сатады
  • Видео-презентация жазамын
  • Прототип пен мәтіндерді сізбен бекітемін
4-кезең

Figma-да сайт дизайны

  • Референстер жинап, 3 дизайн-концепция ұсынамын
  • Біреуін бекітеміз, мен оны ары қарай дамытамын
  • Сатушы мағынаны алға шығаратын, басты нәрседен назар аудармайтын дизайн жасаймын
5-кезең

Tilda-да сайтты беттеу

  • Макетті Figma-дан Tilda-ға көшіремін
  • Сайтты барлық құрылғыға бейімдеймін
  • Өтінімдер туралы хабарламаларды қосамын
  • Сайт 3G-де де ашылатындай жүктелу жылдамдығын баптаймын

Жобаңызбен өзім жұмыс істеймін, сайт жасаудағы тәжірибем 3 жыл

4,5%Сайттарымның орташа конверсиясы
100%Жобалардың бәрін уақытында тапсырдым
30 күнОсы уақытта сайт өзін ақтайды
≈6 сағатБүкіл жобаға кететін сіздің уақытыңыз
Төлеби Болатбеков

Кәсіпкерлерге менімен жұмыс істеу ыңғайлы

01

Келісімшарт бойынша кепілдік

Жұмыс басында келісілген ТЗ бойынша жүреді. Мерзім сақталады, баға жұмыс барысында өзгермейді

02

Под ключ, ұсақ-түйекпен мазаламаймын

Мәтінге және техникалық бөлікке бөлек маман іздеудің қажеті жоқ

03

Әр кезеңді көрсетіп, түсіндіремін

Маркетинг пен дизайнды білудің қажеті жоқ, бәрін қарапайым тілмен айтамын. Ағымдағы кезеңді бекітпей, келесісіне өтпеймін

Жұмыстарым
СІЗДІҢ САЛАҢЫЗДАҒЫ ЖҰМЫС

Терезе компаниясы, Санкт-Петербург

okna4sezona.ru
  • Бірінші экранда бірден басты екі нәрсе: под ключ және зауыттан 20 жылға дейін кепілдік
  • Адам ары қарай оқымай-ақ не алатынын түсінеді
  • Жанында бағаны 5 минутта есептеу формасы, адам бірден өтінім қалдырады
КЕЙС · ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕКТЕБІ

qazaqtilioxana.kz сайтынан мамырда 232 өтінім

8,31%кірген адамдар өтінім қалдырды
94%телефоннан кірді

Үш нұсқа, таңдау сізде

Алматы және Шымкент

«Лендинг lite»

200 000 ₸
  • Сұрақнама және бәсекелестерді талдау
  • Екі бет: Алматыға және Шымкентке
  • Бір тілде, 6 блокқа дейін
  • Әр кезеңге 1 түзету
Жұмыс басталғанға дейін20 000 ₸
Прототип дайын болған соң75 000 ₸
Дизайн дайын болған соң75 000 ₸
Жоба тапсырылған соң30 000 ₸
+7 000 ₸ салық
Толық лендинг под ключ

«Лендинг power»

250 000 ₸
  • «Лендинг lite» тарифіндегі барлығы
  • Толыққанды лендинг, 10-ға жуық блок
  • Алматы мен Шымкентке, әр қаланың нөмірі мен аудандары
  • Бәрін под ключ жасаймын
  • 2 түзету және ~50 000 ₸ бонус
Жұмыс басталғанға дейін30 000 ₸
Прототип дайын болған соң85 000 ₸
Дизайн дайын болған соң85 000 ₸
Жоба тапсырылған соң50 000 ₸
+8 000 ₸ салық
Екі қала, екі тіл

«Мульти лендинг»

350 000 ₸
  • «Лендинг power» тарифіндегі барлығы
  • Бәрі екі тілде: қазақша және орысша
  • 2 түзету және ~50 000 ₸ бонус
Жұмыс басталғанға дейін50 000 ₸
Прототип дайын болған соң125 000 ₸
Дизайн дайын болған соң125 000 ₸
Жоба тапсырылған соң50 000 ₸
+11 000 ₸ салық

Кезең-кезеңімен төлем, артық төлемсіз. Google жарнамасын баптау кез келген тарифке қосылады: +100 000 ₸, жарнама бюджеті бөлек есептеледі

«Лендинг power» және «Мульти лендинг»

Шамамен мына сомаға бонус

50 000 ₸
01

Базалық SEO-баптау

02

Доменді 1 жылға қосу

03

Өтінімнен кейінгі «Рахмет» беті

04

Құпиялылық саясаты

Төлеби Болатбеков

Бірге жұмыс істесек, қуанамын

КЕЛЕСІ ҚАДАМ

Тарифті таңдайсыз, келісімшартқа қол қоямыз, мен сізге сұрақнаманы жіберемін

Ұсынысты дайындағанБолатбеков Төлеби
bolatbekov.kz
Made on
Tilda